"Ислам дiнi" - дiни сайты
Ислам дінінің жауы християн немесе басқа дін өкілдері емес, Ислам дінінің жауы ол ілімсіз мұсылман.

Cайт мәзірі
Намаз уақыттары
Діни-чат
Жарнама
Запчасти Mercedes-Benz и BMW - технический анализ..
Рекомендуем покупать монтажные патроны для Гефестов у поставщика.
Қасиетті Кітаптардың математикалық құрылымы

  «Иса айтты: «Мен Алланың пендесімін.Ол маған Кітап-Інжіл берді және пайғамбар етті. Және мен қайсы жерде болсам, қайырлы-берекелі қылды және қанша тірі екенмін,намазды және зекетті әмір етті. Сол сияқты, мені анама мейрімді етті және мені зұлымдық қылушы,бақытсыз етпеді. Маған туылған күнімде де, қайтыс болатын күнімде де тыныштық-амандық болады. Олар шек-шүбә етіп жатқан Мәриямұлы Иса шын сөзі, міне-осы. /Құран 19:30-34/... Жалғасын оқу »

Категориясы: Керекті мәлімет | Көрілді: 273 | Ендірген: muslima | Уақыты: 09.05.2012 | Пікірлер (0)

Адамдар үшін ең ұлы ескертулер!

Құраннын мәтінің зерттей отырып, Құдайдың ерекше бір ескертулеріне назар бөлдім: «...бұл адамдар үшін  ұлы ескерту.». Осындай ескертулер мені қызықтырды және ынталандырды. Араб мәтініне көз жүгірте отырып, Құран аятынан «ең ұлы» және «ескерту» сөзін бөлек алдым. «Ең ұлы» деген сөз араб тілінде  «аль-кубари» деп айтылады, және де бұл «акбарун» сөзінің көпше түрі. Орыс тіліне аударылғанда «Величайший»... Жалғасын оқу »

Категориясы: Керекті мәлімет | Көрілді: 334 | Ендірген: muslima | Уақыты: 09.05.2012 | Пікірлер (1)

АҚШ-та дүниеге келгендер имам болуда
АҚШ-та мешіт басшылығына келген жергілікті мұсыландардың саны артып келеді. Яғни, аталған елде дүниеге келіп, сол жақта өскен мұсылмандар мешіттерге имамдыққа тағайындалуда.

«Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Нәтижесі де соған лайықты боларына сенімдімін. Өйткені олар жергілікті жердің мәдениетін, салт-дәстүрін, сондай-ақ, гамбургер жеудің, бейсбол ойнаудың не екенін жақсы біледі», - дейді Риверсайдтағы Ислам орталығының имамы 63 жасар Мұстафа Куко.

Куко калифорниялық мешіттің имамы болып тағайындалған 1998 жылы мешітке келетін жергілікті мұсылмандар ж... Жалғасын оқу »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 276 | Ендірген: Bismillah | Уақыты: 29.04.2012 | Пікірлер (0)

Қияметтің белгілері (жалғасы)
Қияметтің болатыны ақихат. Оны білмеген адам – толық иман келтірген болып есептелмейді. Біз Қиямет күнінің алдында тұрмыз. Қоғамда болып жатқан жөнсіздіктерді сараптай отырып, Қияметтің кіші белгілерін байқауға болады. Атап айтқанда:

Тексіз адамдар құрметті адамға айналады: Арабтарда ең жаман жексұрын адамды "Лукәъұлы Лукәъ” деп атайды. Яғни, бұл атаудың қазақша мағынасы: өзі де, ататегі де жаман адам деген сөз. Екінші жағынан надан, ақымақ дегенді де... Жалғасын оқу »
Категориясы: Керекті мәлімет | Көрілді: 737 | Ендірген: Islamdini | Уақыты: 26.04.2012 | Пікірлер (0)

Таңертең және кешке оқылатын дұғалар (жалғасы)
Абдуллаһ ибн Абза (р.л ғ.) айтады: "Расулуллаһ (с.ғ.с.) таң сәріде: "Ислам табиғатында, "ықылас” калимасында, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің с.ғ.с дінінде және бабамыз Ибраһим (ғ.с.) міллетінде таң аттырдық. Ол Аллаһ Тағалаға серік қосушылардан емес, бәлкім мұсылман болып, Аллаһ Тағаланы жалғыз деп білетін”, - деп дұға етіп, күн батқаннан кейін де осылай айтатын”.

Дұғаның оқылуы (таң сәріде):

Категориясы: Мұсылман қорғаны | Көрілді: 302 | Ендірген: Islamdini | Уақыты: 26.04.2012 | Пікірлер (0)

Қазіргі күнгі қияметтің белгілері(жалғасы)
Әйеліне бағынып, анасына қарсы шығу: Бұл да қияметтің бір белгісі. Яғни ер адам өз анасын тыңдамай, керісінше әйелінің сөзіне еріп анасына қарсы шығады. Тіпті, әйеліне ғана бағынатын еркек өз әкесін де тыңдамайтын болады. Бұл дәл қазіргі қоғамда белең алып отырған көрініс деуге болады. Көп жағдайда ана өз баласынан жырақта, келінінен еш жақсылық көрмей жалғыз өмір сүруде. Анасының көңілін де сұрап келмейтін балалар бар. Ал сол анадан туған баланы иемденіп алған әйел шалқып өмір кешеді. Қарт ана мен әке келінмен бірге тұрғанменен ол екеуіне лайықт... Жалғасын оқу »
Категориясы: Керекті мәлімет | Көрілді: 989 | Ендірген: Islamdini | Уақыты: 13.04.2012 | Пікірлер (1)

Қазіргі уақыттағы қиямет белгілері
Қиямет күнінің (ақырзаман) болатыны жайлы Алла тарапынан түскен кітаптардың барлығында айтылады. Қазіргі кезде де бұл тақырыпқа байланысты шетелдік басылымдарда адамдарды үркітіп-қорқытатын һәм үйрей тудыратын макалалар жарық көруде.  Соңғы кезде интернет беттерінде «2012 жылы ақырзаман болады-мыс» дейтін ақпараттар да тарап жүр. Ал, мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда, ақырзаманның, яки қияметтің қашан болатыны тек Аллаға ғана мәлім екені айтылған. Мысалы, «Нәмл» сүресінің 65-аятында: «Көктер мен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді<... Жалғасын оқу »
Категориясы: Керекті мәлімет | Көрілді: 1047 | Ендірген: Islamdini | Уақыты: 11.04.2012 | Пікірлер (2)

Таңертең және кешке оқылатын дұғалар (жалғасы)
Абдуллаһ ибн Масъуд (р.л.ғ.) айтады: "Нәби (с.ғ.с.) күн батқанда: "Кешке жеттік. Аллаһтың иелігі де түнге жетті. Барлық мақтау жалғыз Аллаһ Тағалаға тән. Аллаһ Тағаладан басқа тәңір жоқ. Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Иелік пен мақтау Оған тән және Оның құдіреті барлык нәрсеге жетеді. Я, Раббым! Мен Сенен осы түннің және бұл түннен кейін болатын түннің жақсылығын тілеймін. Әрі Өзіңнен осы түннің және осы түннен кейін болатын түннін жамандығынан пана тілеймін. Я, Раббым! Мен Сенен жалқаулық пен кәріліктің жамандығынан, тозақ пен қабір азабынан пана тілеймін”,-д... Жалғасын оқу »
Категориясы: Мұсылман қорғаны | Көрілді: 631 | Ендірген: Islamdini | Уақыты: 02.04.2012 | Пікірлер (1)

Таңертең және кешке оқылатын дұғалар (жалғасы)
"Истиғфар дұғалардың төресі: Я, Тәңірім! Менің Раббым Сенсің. Сенен басқа тәңір жоқ. Сен мені жараттың. Мен Сенің қүлыңмын. Шамам жеткенше Саған деген сенімімді сақтаймын. Істегенімнің жамандыгынан Өзіңнен пана тілеймін. Сенің маған берген игіліктеріңді және істеген күнәларымды мойындаймын. Маған кешірім ете гөр! Себебі күнәларды кешіруші Өзің ғанасың. Бүл дұғаны кеш болғанда айтқаннан кейін жан тапсырған адам жаннатқа кіреді немесе жаннат нәсіп болғандардың қатарында болады. Таң атқанда айтып, күндіз жан тапсырған да сол тәрізді”.
Категориясы: Мұсылман қорғаны | Көрілді: 680 | Ендірген: Islamdini | Уақыты: 23.03.2012 | Пікірлер (0)

Таңертең және кешке оқылатын дұғалар
Таңертең және кешке оқылатын дұғалар таң сәріде таңғы намазға дейін, кешке күн батқаннан кейін шам намазынан кейін оқыған абзал. Бір себептермен бұл дұғаларды осы айтылған уақытта оқи алмаған адам, мәселен таңертең күн шыққаннан кейін оқыса оқасы жоқ. Шам намазынан кейін оқыса да болады.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтады: "Таңертең "Ғафир" сүресін "ХА, МИМ" сөзінен бастап "Қайтар орындарың да Оның алды" сөзіне дейін және "Аятүл Курси"-ді оқыған адам күн батқанға дейін, ал күн батқаннан кейін оқыған кісі таң атқанғ... Жалғасын оқу »
Категориясы: Мұсылман қорғаны | Көрілді: 976 | Ендірген: Islamdini | Уақыты: 14.03.2012 | Пікірлер (2)

1 2 3 ... 41 42 »
Кіру \ Тіркелу
Логин:
Пароль:

  
Сайттан іздеу
Таңдамалы дұғалар
Құран жүктеу
Онлайн Асыл арна
Тікелей эфир
Намаз үйрену
Санақ
Сайтта отырғандар: 21
Қонақтар: 19
Қолданушылар: 2

Сайтта қазыр отырған қолданушылар:
erboaltik_7, lilia
Жоғарыға

© 2010-2012 "Ислам діні" - діни сайты | Барлық құқықтар қорғалған.
Хостинг от uCoz

Яндекс.Метрика